19.08.2026, 15:15
Оқылды: 9

Шыңғырлау ауданында балалар қауіпсіздігі басты назарда

Бүгін Шыңғырлау ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ «тәуекел тобындағы» балалар мен отбасыларды дербес сүйемелдеу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев төрағалық етіп, аудан прокуроры және жауапты сала мамандары қатысты.

image-19-08-26-01-12

Күн  тәртібіндегі алғашқы мәселе «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға арналды. Бұл бағытта балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру, олардың өмірі мен денсаулығына төнуі мүмкін қауіптердің алдын алу, жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту мәселелері сөз болды. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығының әдіскер-координаторы Нұргүл Болатқызы жасөспірімдердің психологиялық жағдайын бақылау, қиын жағдайға тап болған балаларға уақытылы көмек көрсету және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау жұмыстары туралы  баяндама жасады.

image-19-08-26-01-12 (1)

Кеңестің маңызды бөлігінің бірі – «тәуекел тобындағы» отбасылардың мәселелерін қарау болды. Бұл ретте әр отбасының әлеуметтік жағдайын жеке зерделеп, мәселенің себеп-салдарын анықтау және балаға қажетті көмекті дер кезінде көрсету қажеттігі айтылды. Баланың тағдырына қатысты мәселелерді тек бір мекеменің жұмысы ретінде қарастырмай, полиция, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де жауапты органдардың бірлескен жұмысы арқылы шешудің маңызы атап өтілді.

image-19-08-26-01-12 (2)

Кеңес барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірхан Сабырғалиұлы, аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Нұрдәулет Дәулеткерейұлы баяндамаларында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты жұмыстарын баяндады.

Жиында  балалардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау, оларға қатысты қауіп-қатерлердің алдын алу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелілігін арттыру қажеттігі назарға алынды.

Қорытынды сөзінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев балалардың қауіпсіздігі баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, «тәуекел тобындағы» әрбір бала мен отбасы назардан тыс қалмауы керектігін айтты. Әсіресе профилактикалық жұмыстың тек мәселе туындаған кезде емес, оның алдын алу кезеңінен басталуы қажеттігіне мән берілді.

Баланың болашағы елдің болашағы. Сондықтан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқығын қорғау және қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде қолдау көрсету мемлекеттік органдармен қатар, ата-ана мен тұтас қоғамның ортақ міндеті.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале