20.08.2026, 11:00
Оқылды: 19

Құрылтай сайлауына дайындық пысықталуда

Биылғы жылдың 23 тамызына жоспарланған Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары аяқтала келді. Орал қаласындағы 136 учаскелік сайлау комиссиялары тұрғындардан дауыс қабылдауға толықтай дайын. Облыс орталығында тұратын 240 мыңдай тұрғындарға шақыру парақтары таратылды.

3bfcd773-7ea8-43ba-85e2-ec5cc3c14ee3

Сонымен қатар сайлау барысы туралы тұрғындарға жан-жақты ақпарат жеткізу, азаматтардың белсенділігін арттыру және сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

48584f8d-6238-42ae-a77a-830cf9082e53

Қала тұрғындары мен қонақтары көп шоғырланатын темір жол вокзалы, қалалық әуежай және шаһардағы ең ірі сауда үйі саналатын Сити Центр сауда орталығынан бекеттер арнайы ашылды. Ол жерлерде облыстық жастар ресурстық орталықтың құрамындағы студент жастар келушілерге сайлау туралы ақпараттар жазылған бағдарламалық парақшалар таратуда.

Аталған орындарға бекітілген 10 жас маман келушілерге Құрылтай сайлауы қашан өтетіндігі, кімдердің дауыс бере алатындығы, қандай құжаттар қажет болатындығы, ақпаратты қайдан алуға болатынғы, колл-орталықтарының телефон номерлері секілді маңызды ақпараттар жазылған парақшалар мен плакаттарды тегін таратуда. Аталған бекеттер таңғы 9:00 ден кешкі сағат 18:00 ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қала бойынша Oralsaylau.kz интерактивтік картасы да қалыпты жұмыс жасап тұр.
Сондай-ақ Құрылтай туралы бейнероликтер қалада орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық таблолары бар бірқатар медициналық мекемелер мен үлкен сауда орындарында, қоғамдық көліктерде тұрақты көрсетілуде.

88d9b808-9e83-46c3-b811-7331e0623d28

Мұндай шаралардың барлығы – Құрылтай сайлауы туралы ақпаратты тұрғындарға кеңінен жеткізіп, азаматтардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале