21.08.2026, 16:00
Оқылды: 10

Мерейлі жасымен құттықтады

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев кітапхана саласының ардагері Любовь Астафьеваны 80 жасқа толуымен құттықтады.

image-21-08-26-02-50

Любовь Ивановна барлық ғұмырын кітапханаға, кітап оқуды насихаттауға арнаған жан.

1963 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесін «Кітапхана және библиограф» мамандығы бойынша бітіріп  келген соң Талдысай селолық кітапханасында кітапханашы болып еңбек жолын бастайды. Мұнан соң Ащысай орта мектебінде жұмысын жалғастыра жүріп 1970 жылы Ташкент қаласындағы Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының «Кітапхана ісі» факультетін аяқтап алады. Содан бергі еңбек өтілі аудандық кітапханада жалғасын тауып, 2005 жылы зейнетке шыққанға дейін кітапхананың қорды өңдеу және толықтыру бөлімінде қызмет етеді.

Мерейтой иесінің еңбек жолдарына қаныға отырып, жылышырай әңгіме барысында кітапхана саласына сіңірген еңбегі үшін аудан басшысы Мұрат Амангелділұлы Любовь Ивановнаның иығына шапан жауып, кеудесіне «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін жарқырата тақты. Жылы кездесу барысында құттықтай келген әріптестері естеліктер айтып, кітаптың тағылымды рөлі туралы жақсы ойлар өрбіді.

Адам еңбекпен көркейеді. Жарқын кездесулер жалғасты болсын.

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале