22.08.2026, 11:00
Оқылды: 62

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2024-2025 жылдары су шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі алдыңғы екі жылмен (2022-2023 жж. — 377,9 млрд теңге) салыстырғанда 79 пайызға өсіп, шамамен 677 миллиард теңгені құрады.

Ақша JP 33

Бөлінген қаржы су қоймаларын, каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды салуға және жаңғыртуға бағытталуда. Бұл шаралар сумен жабдықтау сенімділігін арттырып, су шығынын азайтуға әрі ресурстарды басқару тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ауқымды бастамалар қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, сондай-ақ Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін тұрғызу жобалары бар.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов халықаралық ынтымақтастық тек қаржылық қолдаумен шектелмей, заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале