23.08.2026, 7:49
Оқылды: 32

БҚО-да алғашқы сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Бүгін, 23 тамызда, Құрылтай сайлауы күні Батыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде «Алғашқы сайлаушыларға сыйлықтар» акциясы өтуде.

dbaaae24-e86f-49d2-ab62-a7c9cb28db34

Сайлау учаскелері ашылғаннан кейін алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берген өңір тұрғындарына символикалық сыйлықтар табысталды.

Акция дауыс беру күнінің басталуына жағымды әсер беріп, азаматтық белсенділікті қолдауға және сайлау учаскелерінде ерекше көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған.

ec424baa-7fdb-4691-a720-e1e6a318052c

Алғашқы сайлаушылар учаскелерге таңғы 7:00-ден келе бастады. Барлық қажетті рәсімдерден өтіп, дауыс бергеннен кейін оларға ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтар табысталды.

Өңірдегі сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-де ашылды, ал сағат 7:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдау басталды. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары өз учаскелеріне келіп, дауыс беруді жалғастыруда.

БҚО ӨКҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале