№135 “Жаңақала колледжі” сайлау учаскесінде ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, ашылу салтанатында учаске төрағасы Асланбек Джулаев сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін өз жұмысын атқаратынын айтып, барлығы 1660 сайлаушы тіркелгенін айтты.
Алғаш дауыс берушілердің бірі, аудан тұрғыны Нұржан Аманғалиевке Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері, ақын Закария Сисенғалидің кітабы тарту етілді.
Айта кетейік, таңдау жасауға ниет білдірген әр тұрғын өзімен бірге жеке куәлігін әкелуі керек. Жалпы, сайлау учаскесіндегі жұмыс жүйелі түрде ұйымдастырылып, дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда жалғасуда.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы