Бүгін, 23 тамыз – Құрылтай сайлауы өтетін күні Орал қаласының саяжай массивтерінің тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін ұйымдастырылды.

Бұл шара қала тұрғындарына қосымша шығынсыз сайлау учаскелеріне жетіп, дауыс беруге қатысуға мүмкіндік береді.
Таңертеңнен бастап саяжай массивтеріне қатынайтын автобус бағыттары штаттық режимде жұмыс істеуде. Тұрғындар үшін жол жүру ақысы күні бойы алынбайды.
Тегін қоғамдық көліктің ұйымдастырылуы қаланың шалғайдағы саяжай массивтерінде тұратын азаматтардың сайлауға қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Бүгін елде Құрылтай сайлауы өтуде. Сайлау участкілері таңғы 7:00 ашылып, тұрғындарды қабылдауда.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі