Қаратөбе ауданында сайлау науқанына қатысушылардың белсенділігі жоғары. Аудан орталығындағы №277 сайлау учаскесіне Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ұжым болып келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға атсалысқан сала мамандары өз таңдауларын жасап, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Ауыл тұрғындарының да дауыс беруге белсенді қатысып жатқаны байқалады. Сайлау учаскесіне отбасымен және еңбек ұжымдарымен келген азаматтар елдің келешегі үшін өз таңдауын жасауға ниетті екенін аңғартты.
