23.08.2026, 8:15
Оқылды: 25

Жанұямен жасалған маңызды қадам

“Жас туристер станциясы” ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде өтіп жатқан саяси науқанға аудан тұрғындары белсенді қатысуда.
38e89343-f08a-42d9-8164-740ca2390cef
Таң сәріден учаскеге келіп, өз таңдауын жасауға асыққан азаматтардың қатарында отбасымен бірге дауыс беруге келген жандар да бар. Солардың бірі – Утешқалиевтер отбасы. Жанұя мүшелері таңғы уақытта сайлау учаскесіне келіп, алдымен тіркеуден өтіп, белгіленген тәртіпке сәйкес сайлау бюллетеньдерін алды. Әр отбасы мүшесі өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады. Отбасымен бірге дауыс беру – ел болашағына деген жауапкершілікті сезінудің, жас ұрпаққа азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетудің бір көрінісі. Утешқалиевтер отбасы да бүгінгі маңызды саяси науқанға өз үлесін қосып, таңдауын жасады.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале