23.08.2026, 8:25
Оқылды: 22

50-шы болып дауыс берген азаматқа - арнайы сыйлық

Жәнібек ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау күні азаматтардың саяси науқанға белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлінді. Сайлаушылардың дауыс беруге деген жауапкершілігі мен белсенділігін ынталандыру мақсатында бірқатар игі бастамалар жүзеге асырылды.

image-23-08-26-08-16

Солардың бірі – сайлау учаскесіне 50-ші болып келіп, өз таңдауын жасаған Менешова Ақмарал көрсетілген құрмет. Белсенді сайлаушыға арнайы сыйлық ретінде облыс орталығымен қатынайтын «Жәнібек–Орал» бағытындағы автобусқа тегін жол жүру билеті табысталды.

Аталған билет оның иесіне жыл соңына дейін осы бағыт бойынша жол жүруге мүмкіндік береді.

Сыйлық иесі Ақмарал өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, қуанышын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай бастама сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел үшін маңызды науқанға белсенді қатысуға ынталандырады. Тегін жол жүру билеті аудан мен облыс орталығы арасында жиі қатынайтын азамат үшін де қолайлы әрі қажетті сыйлық болды.

 

Бану Самат 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале