Бүгін еліміздегі маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарын сайлау аясында аудан тұрғындары өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскелері таңғы уақыттан бастап өз жұмысын бастап, алғашқы дауыс берушілерді қабылдады. Солардың қатарында ел болашағына бейжай қарамайтын, азаматтық ұстанымы берік аудан тұрғындары да бар.
№422_Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген зейнеткер Сағидолла Айтқұлов өзіне берілген бюллетеньді алып, заң талаптарына сәйкес дауыс беру рәсімінен өтіп, дауыс берді. Алғашқы дауыс берушінің бұл қадамы – ел өміріндегі маңызды мәселелерге жауапкершілікпен қарап, азаматтық міндетті орындаудың жарқын үлгісі.
Еңбек жолының 47 жылын жүргізуші болып қызмет атқарған аға буын өкілінің елдің келешегіне деген ортақ сенімнің көрінісі.
Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған алғашқы дауыс берушіге учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі маңызды күннің мән-маңызын атап өтті.
Әр дауыс маңызды, әр таңдау – ел болашағы үшін маңызды қадам.
Дауыс беру – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды құқықтарының бірі. Өз таңдауын жасау арқылы әрбір тұрғын қоғамның дамуына, мемлекетіміздің ертеңіне қатысты пікірін білдіреді.
Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы