23.08.2026, 8:30
Оқылды: 23

10 онлайн-сервис қызметі жұмыс істеуде

Бәйтерек ауданында да Құрылтай сайлауы басталды. Аудан бойынша 1 аумақтық, 54 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасауда. Сайлаушылар саны 42854 адамды құрайды.

image-23-08-26-08-25 (1)

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласовтың айтуынша, Переметный, Мичурин, Көшім, Дариян, Байқоныс, Достық, Рубежин, Щапов, Махамбет, Белес ауылдық округтерінде тізімде жоқ сайлаушыларды анықтау үшін 10 онлайн-сервис қызметі жұмыс істеуде.

Үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге 977 өтініш түскен. Өтініштер сағат 12.00-ге дейін қабылданды. Аудан бойынша 153 сайлаушыға есептен шығару куәлігі берілді.

image-23-08-26-08-25-1

Аудан орталығындағы №155 сайлау учаскесі төрағасы Есбол Абдоловтың сөзінше, Құрылтай сайлауы ойдағыдай жүруде. Мұнда 1891 адам тіркелген. Әзірге үйден дауыс беруге 10 адам жазылған. Мұнда мүгедектігі бар адамдарға арналған орын да белгіленген. Бұл бұрыш көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдарға қажет құралдармен қамтылған. Бұл учаскеде 3 мүгедек адам тіркелген.

image-23-08-26-08-25-2

Айта кету керек, ерекше қажеттіліктері бар мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету мақсатында барлық 54 сайлау учаскесінде мүгедектерге арналған дауыс беру кабиналары және бұрыштар орнатылған. Бәйтеректік сайлаушылардың ішінде мүгедектігі бар адамдар саны 131, оның ішінде 41 адам кресло-арбаларды пайдаланатын, 68 көру қабілеті бұзылған, 22 есту қабілеті бұзылған жандар.

 

Серік Маратұлы 

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале