23.08.2026, 8:40
Оқылды: 26

Шекара қызметкерлері ел болашағына дауыс берді

Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылдық округіндегі шекара заставасының қызметкерлері №399 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндеттерін орындап, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Ел үшін маңызды саяси науқанға белсенді араласқан шекарашылар өз таңдауларын жасап, елдің болашағына деген азаматтық ұстанымдарын білдірді.

image-23-08-26-08-36 (2)

Мемлекеттік шекараның беріктігін қамтамасыз етіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген шекара қызметкерлерінің еңбегі – үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы қызмет. Олар Отан алдындағы борышын күн сайын адал атқарып, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.

Отан қорғау мен елге қызмет ету ұғымдары шекара сақшылары үшін әрдайым айрықша мәнге ие. Сондықтан олардың бүгінгі сайлауға қатысуы да азаматтық жауапкершіліктің, ел тағдырына бейжай қарамайтындықтың айқын көрінісі болды.

Сайлау – әр азаматқа өз пікірін білдіріп, елдің алдағы даму бағытына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Құрылтай депутаттарын сайлау арқылы азаматтар өздері сенім артқан өкілдерді таңдауға қатысады. Бұл ретте әрбір дауыс – ел болашағына деген көзқарастың көрінісі.

Шекара қызметкерлері де өз таңдауларын жасай отырып, мемлекетіміздің тұрақтылығы, бейбіт өмірі мен жарқын келешегі үшін азаматтық белсенділіктің маңыздылығын көрсетті.

image-23-08-26-08-36

Ел тыныштығын күзеткен азаматтардың ел болашағына да бейжай қарамауы – кейінгі ұрпаққа үлгі. Әрбір дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес. Ел тағдыры – ортақ жауапкершілік!

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале