23.08.2026, 8:35
Оқылды: 20

Бір дауыс – бір таңдау

№113 сайлау учаскесіне келіп жатқан халықтың қарасы уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сайлаушылар үшін бүгін өз азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды күн.
IMG_7539
Еліміздің әр өңірінде, соның ішінде біздің ауданымызда да тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге белсенді қатысуда. Құрылтай сайлауы – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды мүмкіндік.
IMG_7537
Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершілігін білдіретін мүмкіндік. Құрылтай депутаттарының сайлауы кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале