Жаңақала аудандық №128 сайлау учаскесінде таңғы сағат 08:30-ға дейін 40 тұрғын өз таңдауын жасады.
Дауыс бергендердің қатарында Жаңақала аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Индира Тәжиева да бар.
Құқық қорғау саласының қызметкері азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам екенін атап өтті.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы