23.08.2026, 9:02
Оқылды: 21

Бәйтерек ауданында қариялар дауыс беруге келді

Мичурин ауылдық округіндегі №164 сайлау учаскесінде аға буын өкілдері өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, таңдау жасады.
image-23-08-26-08-40
Сайлаушылар арасында 90 жастағы тоқсанның төріне шыққан қариялар – ерлі-зайыпты Жанғали және Балқия  Иманғалиевтар ерекше белсенділік танытты.
Тоқсанды еңсерген азаматтардың саяси науқанға өздігінен келіп дауыс беруі – белсенді азаматтық ұстаным мен жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен аға буынның бұл қадамы – ел болашағы мен тұрақтылығына қосқан маңызды үлесі әрі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс.
Гүлім Орда,
Сәнім Берік
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале