Қаратөбе ауданының орталығындағы Ұзақ күйші көшесінің тұрғындары №277 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір көшенің тұрғындары көршілік татулық пен ауызбіршілікті көрсетіп, маңызды науқанға белсенді қатысты.
Солардың қатарында Бауыржан Байтеміров те бар. Ол сайлауға қатысудың әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті.
- Сайлау — әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды сәт. Біз көршілер болып бірге келіп, азаматтық міндетімізді орындадық. Елдің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасау — баршамызға ортақ жауапкершілік, - деді Бауыржан Байтеміров.
Ұзақ күйші көшесі тұрғындарының бірге келіп, дауыс беруі — өзара ынтымақ пен азаматтық белсенділіктің жақсы үлгісі.
Райымбек Абай
Қаратөбе ауданы