Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Николай Губенко Құрылтай депутаттарының сайлауына отбасымен бірге келіп, 422 сайлау учаскесінде өз азаматтық таңдауын жасады.

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Полиция қызметкері ретінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүрген Николай Губенко үшін азаматтық міндетін орындау да үлкен мәнге ие.
Отбасымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі өскелең ұрпаққа азаматтық белсенділік пен елжандылықтың үлгісін көрсетеді.
Әр азаматтың таңдауы ел болашағына қосылған үлес. Бүгінгі дауыс – ертеңгі күнге деген сенімнің көрінісі.
Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы