23.08.2026, 9:16
Оқылды: 21

Қараөзендік "Кәусар" әжелер ансамблі мүшелері дауыс берді

Құрылтай депутаттарын сайлауға  Қараөзен ауылының  тұрғындары  ұйымшылдықпен қатысып, азаматтық таңдауын жасауда.

image-23-08-26-09-04-1

Сайлау учаскесіне арнайы келген «Кәусәр» әжелер ансамблінің мүшелері де елдік науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын білдірді.

Өнегелі өнер ұжымы қашанда ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, кейінгі буынға өнегелі жол көрсетіп жүр. Әнмен елдің рухын көтеріп, салт-дәстүрді дәріптеп жүрген жандар бүгінгі маңызды саяси науқанда да бірліктің үлгісін көрсетті.

Әдемі Оразғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале