№127 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы қарқынды өтіп жатыр. Сайлауға үзіліссіз келіп жатқан халықтың көңіл күйі де көтеріңкі екенін байқалады.
Комиссия мүшелері мен байқаушылар дауыс беру процесінің бекітілген тәртіпке сай, ашық әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде. Учаскеде рухты көтеретін патриоттық әуезді әуен әуелеп, келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлауда. Тұрғындар өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін азаматтық белсенділік танытуда
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы