23.08.2026, 9:10
Оқылды: 17

Сайлауда белсенділік танытқан әулет

Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру үшін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Сапарғали Ердібековтің отбасы № 422 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

image-23-08-26-09-15

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға отбасы мүшелерімен бірге қатысу – азаматтық белсенділік пен ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Өнегелі әулет өкілдері өз таңдауын жасап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсене араласудың үлгісін көрсетті.

image-23-08-26-09-15 (1)

Сапарғали Ердібеков  саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнап, туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз еңбегімен үлес қосқан еңбек ардагері. Еңбекпен шыңдалған азамат үшін ел игілігіне қызмет ету, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну – өмірлік ұстанымның бірі.

Ал әулеттің анасы Клара Дүйсенғалиқызы білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, кітапхана саласына үлес қосқан ардақты жан. Бүгінде зейнеткерлік демалыста болғанымен, елдің қоғамдық өмірінен шет қалмай, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге атсалысып келеді.

Ұрпақ тәрбиесін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуді өмір салтына айналдырған бұл әулет ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, отбасы құндылықтарын берік ұстанып келеді. Осындай отбасылардың ел өміріндегі маңызды шараларға бірге қатысуы  жастарға азаматтық жауапкершіліктің мәнін түсіндіретін тағылымды өнеге.

Сайлауға белсенді қатысу  әр азаматтың өз таңдауын білдіруімен қатар, елдің болашағына деген сенімін танытуы. Сапарғали Ердібековтің отбасы да бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Өнегелі әулеттің белсенділігі жас ұрпаққа үлгі, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале