Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан — Құрылтай депутаттарын сайлау күні. Осы айтулы күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков №244 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Сайлау — әр азаматтың елдің болашағына деген көзқарасын білдіріп, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Сондықтан бұл күннің мәні де, маңызы да ерекше.
Ғаділбек Әлібеков ауыл тұрғындарын да сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытуға, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Елдің ертеңі — бүгінгі таңдаудан басталады. Әрбір дауыс — ортақ болашаққа қосылған үлес.
Бірлік бар жерде — береке бар. Ел болашағы үшін әр таңдау маңызды!
Ернәсіл Рысқалиев,
Казталов ауданы