23.08.2026, 9:42
Оқылды: 22

Сырым ауданында "барыстар" дауыс берді

Сырым ауданында қазақ күресінен  Батыс Қазақстан облысы құрамасының мүшелері дауыс берді. 
c663a351-c335-43b4-8484-fe26daaef404
Оларды учаскеге қазақ күресінен спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші  Айбол Оразғалиев бастап келді.
Қазақ күресінен және дзюдодан ҚР спорт шебері, республикалық “Ақбидай” ауыл спорты ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері Нұрсұлтан Мырзахметов бүгінде Сырым ауданы күрес түрлері бойынша аға жаттықтырушы.
Дзюдо күресінен спорт шебері, “Ақбидай” ауыл спорты ойындарының екі мәрте қоласын алған Мерей Бердіғали кеше Астанада өткен “Қазақстан барысы” республикалық турнирінде өңірдің атынан күресті. Мерей қазір А.Шайхиев атындағы Сырым ауданының БЖСМ қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы.
А.Шайхиев атындағы Сырым ауданының БЖСМ дзюдо бөлімінде бапкерлік қызметін бастаған Бекарыс Жамбыловты да күрес жанкүйерлері жақсы таниды. Бекарыс бұған дейін “Жас барыс” халықаралық турнирінің қола жүлдесі, қазақ күресінен Студенттер арасында Республикалық лиганың күмісі секілді титулдарды ұтып, қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы ел чемпионатында қола жүлде алды.
Оның бауыры Санжар да бүгін де қазақ күресінен БҚО құрама сапында.
Өлеңтідегі №293 учаскеге топырлап атан жілік, сом білек жігіттер кіріп келгені ел назарын аудармай қоймайды екен.
Спортшылар елдің дамуын өз болашақтарымен, мансаптарымен байланыстырады. ҚР Құрылтайы сайлауындағы бүгінгі таңдаулары - олардың елдік үні.
Бауыржан Ширмединұлы
Суретті түсірген: Айман Өтеғалиева
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале