23.08.2026, 9:40
Оқылды: 24

Таңдауын жасап, батасын берді

Жамбыл облысы, тарихы терең Тараз қаласынан арнайы келген Қожатаевтар отбасы №113 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Отбасы мүшелері дауыс беріп болған соң, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

IMG_7596

Олардың бұл қадамы сайлауға азаматтық жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісін көрсетті. Ел болашағына үлес қосқан Қожатаевтар отбасына естелік сыйлық ретінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Өмірзақ Ақбасовтың «Сағыныш екен бала кез» атты кітабы тарту етілді. «Ел аман, жұрт тыныш болсын, таңдауымыз ел игілігіне қызмет етсін» деген ниетпен ақ батасын берген отбасы сайлау учаскесінен көтеріңкі көңіл күймен аттанды.

IMG_7598

IMG_7602

Аянат Садық

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале