18 жасқа толып, алғаш дауыс беруші ақсайлық Айбын Айболатұлы № 81 учаскеге келіп өз таңдауын жасады.

Айбын - Алматыдағы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының 2 курс студенті. Мемлекеттік грант иегері.
— Мен 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Шынымды айтсам, бұл – басқаша сезім екен. Құрылтай, жалпы сайлау туралы түсінігім бар. Бірақ кәмелет жасына толып, өз таңдауыңды жасап, елдің болашағына қатысты шешімге өз дауысыңмен үлес қосу – мүлде бөлек сезім. Бүгін мен өзімді Қазақстанның кәмелетке толған азаматы ретінде бұрынғыдан да анық сезіндім. Қазір Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 2-курс студентімін. Сәулет (архитектура) мамандығын таңдаған себебім, бұйырса, алған білімімді ел игілігіне жұмсап, Қазақстанның сәулеттік өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін, - дейді Айбын.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы