23.08.2026, 9:45
Оқылды: 23

Отан отбасыдан басталады

Әр жанұяның өз өнегесі, өз жолы бар. 
091d73fb-783e-4bcc-bf58-7b487910470d
Отарова Сания - ардагер ұстаз. Ұзақ жылдар бойы Өлеңті ауылындағы мектепті басқарды. Бүгінгі бағаналы білім ордасы Ж. Досмұхамедов атындағы мектептің құрылысына да үн білдірген, қажыр қосқан қайраткер тұлға. Ал, ұлы Батырбек Мұратов - белгілі бапкер. Сырт жақ Сырым ауданын балуандар елі деп таныса, солардың көбі Батырбек Жамбылұлының тәлімін алған, күрес әліппесін оқыған.
Бүгінде Батырбектің ұлдары Бекарыс пен Санжар да - танымал спортшыға айналды. Қос бауыр, қос барыс қазақ күресінен Батыс Қазақстан облысы құрамасы сапында жүр.
Бүгінде А. Шайхиев атындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Батырбек Мұратов бүгін анасымен, ұлдарымен келіп, дауыс берді.
“Отан отбасынан басталады” - дегендей, ел тағдыры да жанұялардың тірлігінен тін тартады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале