23.08.2026, 10:10
Оқылды: 24

Ел болашағы – әр азаматтың таңдауында!

Бүгін Мереке орта мектебінің ұжымы сайлау учаскесіне барып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсене қатысты. Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің ертеңіне деген көзқарасын танытатын жауапты сәт. Осы орайда мектеп ұжымы да азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.
image-23-08-26-10-11
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, елдік құндылықтарды дәріптейтін, қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан ұстаздардың сайлау үдерісіне қатысуы – жас ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Бірлік бар жерде – береке бар. Бір таңдау – бір мақсатқа бастар жол. Елдің жарқын болашағы үшін жасалған әрбір таңдау маңызды!
Мереке орта мектебінің ұжымы барша азаматтарды ел өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырады.
Бекжан Бақытжан 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале