Бөрлі ауданындағы сайлаушылар №91-сайлау учаскесіне қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құндылықты ұлықтаған азаматтар ел үшін маңызды саяси науқанға белсене қатысып, ұлттық киім арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына деген құрметін көрсетті.
- Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Ұлттық киім – ұлттың рухани мұрасы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Осындай игі бастамамен дауыс беру – елжандылықтың, азаматтық белсенділіктің және ұлттық дәстүрге деген құрметтің жарқын үлгісі деп білеміз, - дейді Ақсай қаласы №7 ЖОББМ директоры Шолпан Доскалиева.

Сонымен қатар басқа да сайлау учаскелерінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, “Ақжаулықты әжелер” ансамбілінің мүшелері, мектеп ұжымдары өз таңдауларын жасауда ұлттық киіммен келуді насихатттауда.

Аудан бойынша жалпы 33 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Бүгін қала бойынша қоғамдыш көліктер тегін қызмет көрсетуде.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
