23.08.2026, 10:17
Оқылды: 24

Туған күндегі таңдау

Бүгінгі сайлауға ерекше мән берген азаматтардың бірі – Асхат Абжанов. Ол туған күнін атап өтіп қана қоймай, азаматтық міндетін де орындап, №113 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

IMG_7580

Туған күнінде дауыс беруді азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі деп қабылдаған ол сайлау учаскесінен көтеріңкі көңіл күймен шықты. Ол үшін бұл күн қос мерекемен есте қалмақ. Туған күн иесіне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Өмірзақ Ақбасовтың “Сағыныш екен бала кез” атты кітабы сыйға тартылды.

IMG_7584

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале