23.08.2026, 10:25
Оқылды: 29

Ақжайықта жәрмеңке өтуде

Ақжайық ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауы күні аудан орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында аудан кәсіпкерлері балалар киімі мен кеңсе тауарларына жәрмеңкеге арзан бағамен шығарды.

2

Жәрмеңкеде ет пен сүт өнімдері, көкөніс және балық сатылды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Бакирев хабарлағандай, бүгін чапаевтық шаруа қожалықтары үш туша сиыр етін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. «Балалар әлемі» дүкені және «Темірбаева»жеке кәсіпкерлігі де мектепке қажет құралдарды қолжетімді бағамен беріп жатыр.

Без имени

Осылайша, Ақжайықта Құрылтай  сайлауы күні азаматтар өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырып қана қоймай, жергілікті өнімдерден қажетті азық-түлігін алып, жақындарымен бірге жайдары көңіл-күйде уақыт өткізуге мүмкіндік алып отыр.

Рақым Берікқали

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале