Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали №113 сайлау учаскесіне келіп, елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.
Қаламы мен жырын ел руханиятына арнаған ақын үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Ол дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына бей-жай қарамады.
Оның қатысуы сайлаудың қоғамның әр саласының өкілдерін біріктіретін маңызды азаматтық шара екенін аңғартты.
Аянат Садық,
Жаңақала ауданы