23.08.2026, 10:58
Оқылды: 35

Казталов ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы дауыс берді

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау учаскесіне ауылдың ардақты азаматы, спорт ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Қажияқпарұлы Қауметов жанұясымен келіп өз таңдауын жасады.
image-23-08-26-10-40
 -Бүгін еліміз үшін ең елеулі күн екені баршамызға аян. Өйткені, алғаш рет Құрылтай сайлауын өткізіп жатырмыз. Сондықтан шығар, сайлаушылардың сайлау жайлы толық құлақтанғаны бірден байқалады. Олар сайлау учаскесіне келіп, төл құжаттарын көрсету арқылы өз таңдауларын жасауда. Еліміздің болашағы жарқын болып, спортта жүрген талантты жастарымыздың қатары арта берсін, - дейді ардагер спортшы Нұрлан Қажияқпарұлы.
Қыдыр Харесұлы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале