23.08.2026, 10:50
Оқылды: 27

Сайлау күні – ел бірлігінің көрінісі

Тасқала ауданында сайлау күні өз учаскелеріне ертемен келіп, азаматтық таңдауын жасаған тұрғындардың арасында бұл күнге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаған жандар да болды.
image-23-08-26-10-40
№330 сайлау учаскесіне өткен ғасырдың 70–80 жылдарындағы жас жұбайлардың үлгісіндегі сәнді киіммен келген ерлі-зайыптылар көпшілік назарын аударды. Той көйлегі мен сол дәуірдің өзіндік сән үлгісін жаңғыртқан замандастар сайлау учаскесіндегі қалыпты жұмыс ырғағына мерекелік реңк беріп, комиссия мүшелері мен байқаушыларға есте қаларлық көңіл-күй сыйлады.
Ал сайлау учаскесіне үш дөңгелекті мотоциклмен келген азаматтар да көпшілік қызығушылығын тудырды. Ерекше бастаманың авторлары бұл қадам арқылы сайлау күнінің маңызын айшықтап қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершілікті бүгіннен бастау керектігін жеткізгісі келгенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай бастамалар жастардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылығын арттырып, олардың азаматтық белсенділігін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз.
image-23-08-26-10-40-2
Рауан Таңатжанұлы, 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале