Жәнібек ауданының кішкентай тұрғыны Азат небәрі 3 жасқа толса да, қазірдің өзінде 3 бірдей сайлау науқанына қатысып үлгерген. Жергілікті жұртшылық арасында оның бұл белсенділігі мен азаматтық ұстанымы үлкен сүйіспеншілікке ие болып отыр.

Азат өзінің жас шамасына қарамастан, ел өміріндегі маңызды саяси шаралардың куәсі болып, жергілікті сайлау учаскелерінің тұрақты «қонағына» айналды.
Анасы Гүлімжан Иманғалиева екі баласын да дүниеге келген сәтінен бастап бірде-бір сайлаудан қалдырмай, өзімен бірге ертіп жүруді әдетке айналдырған. Айтуынша, мұндай қадам болашақта ел болашағына бей-жай қарамайтын саналы азамат қалыптастыруға көмектеседі.
3 жасында 3 рет сайлауға барып үлгерген Азаттың бұл әрекеті елді сүйсінтіп, көпшілікке үлгі боларлық ерекше оқиға ретінде есте қалары сөзсіз.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы