Ұялы ауылының “Ақ кимешек" әжелер тобы №73 учаскесіне келіп, саяси науқанға ұлттық нақыш беріп, ерекше сән берді.
Елдің болашағына бей-жай қарамайтын әжелеріміз өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ақ жаулықты әжелеріміздің әрбір берген дауысы – елге деген жанашырлықтың, ұрпақ болашағына деген сенімнің белгісі.
Ұялы ауылдық мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Алмагүл Есмұқанованың басқаратын "Ақ кимешек" әжелер тобы тек саяси науқандарда ғана төбе көрсетпейді. Ауылдық мәдени, қоғамдық өмірінде белсенді қызмет етеді. Ұрпақ тәрбиесіне үн қосып, тағылымды шаралардың басы-қасында жүретін өнегелі, мерекелік шараларды әсем әндерімен көмкеретін өнерпаз әжелердің басын қосқан бұл топтың жұмыс жасап келе жатқанына жиырма бес жылдан асып барады.
Анар Артықбай
Бөкей орда ауданы