23.08.2026, 11:10
Оқылды: 34

Қазақтелеком қызметкерлері - өз таңдауларын жасады

Шыңғырлау аудандық Қазақтелеком қызметкерлері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, 419 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

image-23-08-26-10-51

Күнделікті еңбегі ауданның телекоммуникация саласын үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған сала мамандары үшін жауапкершілік ұғымы жақсы таныс. Олар өз қызметтерінде халықтың қауіпсіздігі мен қалыпты тұрмысын қамтамасыз етуге атсалысып келеді. Бүгінгі таңдаулары да елдің ертеңіне деген азаматтық жауапкершіліктерінің көрінісі болды.

Құрылтай депутаттарын сайлау қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, ел дамуына қатысты ұсыныстарды ортаға салуға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Сондықтан әр азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытуы маңызды.

Қазақтелеком қызметкерлері өз таңдауларын білдіре отырып, елдің тұрақты дамуы мен болашағына деген сенімдерін көрсетті.

Елдің ертеңі – әр азаматтың жауапты таңдауынан басталады!

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале