23.08.2026, 11:00
Оқылды: 20

Казталовта ақ жаулықты әже келінімен бірге дауыс берді

Ел өміріндегі маңызды күнде 83 жасқа таяған казталовтық Хамитова Дәмеш әже де азаматтық міндетін абыроймен атқарып, №244 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

image-23-08-26-10-58

Ғұмырын ел мен жердің берекесін, ұрпақтың амандығын тілеп өткізген ақ жаулықты әженің сайлауға қатысуы – кейінгі буынға үлкен өнеге.

Ақ жаулықты әженің келінімен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы – отбасы бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Осындай үлкен буынның батасы мен өнегесі кейінгі ұрпаққа әрдайым жол көрсетіп келеді.

Ернәсіл Самиғоллаұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале