23.08.2026, 11:15
Оқылды: 27

Еңбек ардагері - ел болашағы үшін өз таңдауын жасады

Бүгін елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтуде. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.
image-23-08-26-11-11

Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.

Шыңғырлау ауданының сайлау учаскелерінде  Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны мазмұнды, ашық,  сипатта өтуде.

Бұл сайлау ел тарихындағы саяси  науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық.

Ел басына күн туған қиын кезеңнің ауыртпалығын тылда көтеріп, бейбіт күннің қадірін терең сезінген аға буын өкілдері үшін ел тағдыры қашанда маңызды.

Бүгін еңбек ардагері,ауданымыздың Құрметті азаматы Ергөбен Сұлтанов 419  сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

Бұл кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық ұстаным. Өйткені елдің ертеңі, қоғамның болашағы, ұрпақтың жарқын келешегі әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Ғасырлық тарихтың талай белесін көрген аға ұрпақтың бүгінгі таңдауы ел болашағына деген сенімнің көрінісі. Олар бейбіт өмірдің бағасын біледі, тұрақтылық пен татулықтың қадірін түсінеді.

Аға ұрпақтың өнегесі  кейінгіге аманат. Ел болашағы үшін жасалған әр таңдау – маңызды!

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале