23.08.2026, 11:28
Оқылды: 29

Мектеп ұжымдары дауыс берді

Құрылтай сайлауына бәйтректік педагогтар да белсенді қатысуда. Бәйтерек ауданы орталығында орналасқан Переметный және Камен мектептерінің мұғалімдері келіп өз таңдауларын жасады.

image-23-08-26-11-23

Аудандық мәдениет үй ғимаратында орналасқан №155 сайлау учаскесіне Переметный мектебінің 40 мұғалімі келді. «Біздегі педагогтар саны 51 адам,-дейді аталмыш білім ұясының директоры Алма Мусақұлова.-Он шақты әріптесіміз басқа сайлау учаскелерінде тікеркелгендіктен мұнда келген жоқ. Біздің ұжымның саяси сауаты жоғары болған соң барлық сайлауға бір кісідей қатысады. Және әр түрлі киім үлгілерімен келеміз. Бұдан бұрын ұлттық нақышта, одан соң ақ футболка мен джинсы кисек, бұл жолы ақ жиде мен қара шалбар, юбка киіп келдік».

image-23-08-26-11-23-6

«Шың» театры ғимаратында орналасқан №157 сайлау учаскесіне ұжым болып келген Камен орта мектебі биыл 65 жылдығын атап өткен болатын. Ұжымда 80 шақты қызметкер болса, соның жартысы осы осы сайлау учаскесінде тіркелген.

image-23-08-26-11-23-4

-Былтыр мектебімізге «Қазақстан халқына» қорынан біраз жаңа құрылғылар берілді. Соған орай жаңа оқу жылынан бастап Переметныйдың экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жаңа Конституцияда да қоршаған ортаға жіті мән берілгені белгілі. Мына сайлау өтіп жатқан Құрылтай депутаттығына үміткерлер, оларды ұсынатын партиялар да өз бағдарламаларында экологияға назар аударып отыр. Яғни олар ертең Құрылтай төрінде отырып ауылдың экологиялық ахуалының жақсаруын көп үлестерін қосады деп сенеміз,-дейді мектеп директоры Валентина Старадубец.

image-23-08-26-11-23-11

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале