Ел тыныштығын күзетіп, мемлекеттік шекараның беріктігін қамтамасыз етіп жүрген шекарашылар да бүгінгі маңызды саяси науқаннан шет қалмады.
Қайыңды ауылының «Алғай» шекара бөлімшесінің шекара қызметкерлері №238 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Күн-түн демей ел шебін күзетіп жүрген әскери қызметшілер үшін Отан алдындағы міндет қашанда қасиетті ұғым. Ал бүгін олар елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Жайна Қабиболла