23.08.2026, 11:20
Оқылды: 28

Ақсай қаласының әкімі де өз таңдауын жасады

Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықов та сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 12.17.12

Өндірісті шаһар саналатын Ақсай – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Қаланың тыныс-тіршілігі, инфрақұрылымының жай-күйі, абаттандырылуы, әлеуметтік нысандардың жұмысы мен тұрғындардың өтініш-тілегі – қала әкімдігінің күнделікті назарындағы маңызды бағыттар.

Сондықтан қала тұрғындарының белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі Ақсайдың тұрақты дамуы үшін айрықша мәнге ие.

– Бүгінгі сайлау – әр азамат үшін өз таңдауын білдіретін маңызды күн. Ақсай – өндірісі дамыған, еңбек адамдары көп шоғырланған қала. Қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі мен болашағы тұрғындардың белсенділігімен тығыз байланысты. Сондықтан әр азаматтың өз азаматтық құқығын пайдаланып, ел мен жердің ертеңіне қатысты таңдауын жасауы маңызды деп есептеймін. Барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, – деді қала әкімі Арсен Толқынұлы.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 12.17.15

Қала басшысы тұрғындардың азаматтық белсенділігі елдің де, туған қаланың да дамуына өзіндік үлес қосатынын атап өтті.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале