Сайлау – әрбір азаматтың ел болашағын айқындауға қосатын маңызды үлесі. Бүгінгі саяси шарада Мизамғали Айсезім
азаматтық құқығын пайдаланып, алғаш рет өз таңдауын жасады.
18 жасқа толып, белсенді сайлаушылар қатарына қосылған Айсезім үшін бұл күннің орны ерекше. Жас та болса, елдегі оң өзгерістерге бей-жай қарамайтын ол сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері алғаш рет таңдау жасаған жас сайлаушыға ерекше құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады. Белсенді жастардың саяси шараларға араласуы – елдегі оң өзгерістер мен жарқын болашақтың кепілі. Айсезім сияқты саналы жастары бар елдің еңсесі биік, болашағы жарқын болмақ.
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы