23.08.2026, 11:46
Оқылды: 19

Тасқала ауданында туған күн иесі өз даусын берді 

Бүгінгі күн - Мерей ауылдық округінің тұрғыны, туған күн иесі Тлеуов Мырзабай үшін ерекше әрі есте қаларлық күн болды.
image-23-08-26-11-21
Ол азаматтық белсенділігін танытып, Мерей ауылдық округіндегі №343 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Елдің ертеңі мен болашағына бейжай қарамай, азаматтық борышын орындаған Мырзабай ағамызға сайлау учаскесінің ұйымдастырушылары да ерекше құрмет көрсетіп, туған күніне орай арнайы сыйлық табыстады.
Бұл - туған күннің қуанышымен қатар, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысқан азаматқа деген ізгі ниет пен құрметтің жарқын көрінісі.
Бекжан Өтемісов 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале