Бүгінгі маңызды саяси науқанда ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасау – әр азаматтың маңызды құқығы. Ауылдық ағайын да сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысын беріп, ел ертеңіне қатысты таңдауын жасауда.

Ақсу ауылында сайлау учаскесінің алдында жәрмеңке ұйымдастырылуда. Бүгін баршамыз үшін өте маңызды күн. Сондай жауапты сәттің қарсаңында ауыл тұрғындары үшін жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Келушілерге азық-түлік өнімдері, жеміс-жидектер мен түрлі тәттілер ұсынудамыз. Түстен кейін сайлаушылардың құрметіне концерттік бағдарлама қойылмақ, - дейді ауыл әкімі Руслан Азаматов.

Елдің ертеңі шешілетін сәтте Пугачев ауылының тұрғындары да белсенділік таныту үстінде. Сайлаушылар арасында гір көтеру, қой көтеру, арқан тартыс секілді ұлттық ойындардан сайыстар өтуде.
Басқа да ауылдық округтерде осындай шаралар өтеді деп жоспарлануда.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы