23.08.2026, 12:05
Оқылды: 23

Шыңғырлау ауданы әкімі: "Азаматтық таңдау жасау маңызды"

Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, 419 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

image-23-08-26-11-45

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу әр азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асырып, қоғамдық-саяси үдеріске өз үлесін қосуының көрінісі. Аудан әкімі де өз таңдауын жасап, тұрғындарды сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Мұрат Өмірәлиев сайлаудың ел болашағы үшін маңызына тоқталып, азаматтық жауапкершіліктің әрқайсымыз үшін ортақ міндет екенін атап өтті.

"Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды сәт. Біз бүгін өз таңдауымызды жасай отырып, еліміздің ертеңіне деген жауапкершілігімізді көрсетеміз. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға белсенді қатысып, өзінің азаматтық таңдауын жасауы маңызды деп есептеймін. Елдің тұрақтылығы мен жарқын болашағы – баршамызға ортақ",– деді аудан әкімі.

Бүгінде аудан бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Тұрғындар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарын пайдаланып, Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысуда.

Сайлауға қатысу ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың жауапкершілігін танытады. Әрбір дауыс азаматтың өз пікірін білдіруіне, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына берілген мүмкіндік.

Аудан тұрғындарының белсенділігі мен ұйымшылдығы елдік іске деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Бүгінгі таңдау ертеңгі күнге деген сенім мен ортақ мақсаттың айғағы.

Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады!

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале