Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Сырым ауданында ұйымдастырылған велошеру мерекелік көңіл-күймен өтті.
Велосипед мінген аудан тұрғындары белгіленген бағыт бойынша жүріп өтіп, шеруді мәресіне жеткізген соң азаматтық міндетін орындауға асықты.
Бір топ болып велосипедтерімен №290 сайлау учаскесінің алдына келген велошеру қатысушылары сайлау учаскесіне кіріп, өз таңдауларын жасады.
Спорт пен елжандылықты қатар алып жүргендер ел өміріндегі маңызды науқанға бейжай қарамайтынын көрсетті.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы