23.08.2026, 12:00
Оқылды: 21

Сайлауда өнер ұжымдары да белсенділік танытты

Бүгін Теректі ауданында өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауда ауданның өнер ұжымдары да азаматтық белсенділік танытуда.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 10.47.17

Құмақсай ауылындағы №355 сайлау учаскесіне «Алтын бесік» қазақ этно-мәдени бірлестігінің мүшелері бірге келіп, дауыс берді. Бірлестік мүшелері өз таңдауларын жасап, сайлауға ұйымшылдықпен қатысты.

Ал Подстепное ауылында «Япурай» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері №360 сайлау учаскесіне ерекше көңіл-күй сыйлады. Ақ жаулықты әжелер ән шырқап, шашу шашып, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Кейін өздері де дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 10.47.17 (1)

Осылайша ауданның мәдени өміріне белсене араласып жүрген өнерпаздар сайлау күні де көпшілікпен бірге өз таңдауларын жасады.

Теректі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда.

Ә. Ғазизова

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале