23.08.2026, 12:10
Оқылды: 19

Шыңғырлау егіздері сайлау учаскесіне келді

Шыңғырлау өңірі егіз, үшемдерден кенде емес. Әр шаңырақта іңгәлап дүниеге келген  сәбилер бүгінде ат жалын тартып мінер азаматтарға айналып отыр. Солардың бірі ауданға сыйлы Юмабаевтар әулетінен шыққан Бекназ ен Бекзат Ибрагимовтер.

image-23-08-26-12-10

Аудандық Шыңғырлау колледжін биыл ғана дәнекерлеуші мамандығы бойынша бітіріп шыққан жасөспірім жігіттер №426-шы сайлау учаскеміне әкесі Болатқа ілесе келіп, өз еріктерімен таңдау жасады.

Еліміздің ертеңі олар жастар бүгінгі Құрылтай сайлауына келіп, жаңа Қазақстанның болашағына берік сенетіндіктерін, өздеріне білім алуға, жұмыс орнын таңауға молынан мүмкіндік беретін еліне сенетіндіктерін жеткізді.

Бекназ бен Бекзат өздерінің алдағы өмірлерін туған өлкесімен байланыстырмақ,  ата қоныста еңбек еткісі келетіндіктерін айтады. Үлгілі, біртоға отбасынан шыққан олардың алған тәлім-тәрбиесі мен өздерін ұстауы айналасындағы жастарға да үлгі. Бекзат пен Бекназ өздерінің қатар-құрбыларының да дәл осы маңызды күні өздерінің әділ таңдауларын жасайтындарына сенімді.

                                                                                                   Гүлшат Ботанова 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале