23.08.2026, 12:22
Оқылды: 16

«Ақ ниет» алғаш дауыс берді

Шыңғырлаудағы мәдениет саласы жақында тағы да бір жаңа өнер ұжымымен толықты. «Ақ ниет» деп атау алған квартеттегі әжелер тобы «Дән» мәдениет үйі жанынын құрылып отыр.  Өнер көгіне келіп, репертуарларына халқымыздың дәстүрлі және халыққа кең танымал әндерді де енгізіп отырған бұл ұжымның алдына қойып отырған мақсататтары да  ауқымды.

image-23-08-26-12-11

Жаңадан дүниеге келген «Ақ ние»т әжелер ансамблі Құрылтай сайлауы күні сайлау учаскесіне келіп өздерінің белсеніліктерін көрсетті. Топр құрамындағы Гүлбағыш Алдиярова, Сауле Тұрмағамбетова, Қалампыр Жұбаниязова, Әмина Тәжбаева сынды ауданға белгілі өнерпаздар мұндай маңызды күні ешкім де тыс қамауы тиіс дейді. Өздеренің істерімен үлгі болған топ мүшелеріне өнердегі өзге де әріптестері теңеліп, сайлау учаскелірінен табыларына сенімді.

                                                                                                    Гүлшат ИБРАГИМҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале