23.08.2026, 12:30
Оқылды: 17

Кітапхана ұжымы ел болашағы үшін өз таңдауын жасады

Шыңғырлау аудандық  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы ел болашағы үшін маңызды саяси науқан  Құрылтай депутаттарының сайлауына белсене қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады.

image-23-08-26-12-27 (1)

Кітапхана қызметкерлері бұл маңызды күнге ұйымшылдықпен атсалысып, отбасыларымен бірге сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берді. Осылайша олар ел тағдырына бейжай қарамайтындықтарын, қоғамдық өмірге белсенді араласатындықтарын көрсетті.

Кітапхана – халықтың рухани ордасы, білім мен мәдениеттің алтын арқауы. Қоғамның ой-санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және азаматтық ұстанымды нығайтуға қызмет ететін кітапхана мамандарының сайлауға белсенді қатысуы да осы жауапкершіліктің заңды жалғасы.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлмира Макарқызы ұжымның сайлауға белсенді қатысқанын атап өтіп, әр қызметкердің өз азаматтық міндетіне жауапкершілікпен қарағанын айтты.

image-23-08-26-12-27 (2)

"Біздің ұжым үшін ел өміріндегі осындай маңызды науқаннан шет қалмау – азаматтық парыз. Әр қызметкер өз таңдауын жасап, отбасымен бірге дауыс беруге қатысуы – ұйымшылдықтың және ел болашағына деген жанашырлықтың белгісі. Кітапхана қызметкерлері қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктен, азаматтық белсенділіктің маңызын жақсы түсінеді",– деді.

Сайлау әр азаматқа өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Өз таңдауын жасау – азаматтық жауапкершіліктің, ел ертеңіне деген сенім мен жанашырлықтың көрінісі.

image-23-08-26-12-27

Ұжым мүшелерінің отбасыларымен бірге дауыс беруге келуі де көпке үлгі боларлық. Себебі отбасында қалыптасқан азаматтық белсенділік пен жауапкершілік жас ұрпақтың бойына да елжандылық қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді.

Ел болашағы  әр азаматтың бүгінгі таңдауымен сабақтас. Сондықтан кітапхана ұжымының бұл белсенділігі қоғамдық жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып отыр.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале